• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қыркүйек, 2023

Неймар Пеленің рекордын жаңартты

229 рет
көрсетілді

Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы Неймар Пеленің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Даңқты Пеле Бразилия ұлттық құрамасының намысын қорғаған жылдары  77 гол соғып, мергендер көшінің  үздігі атанған болатын. Неймардың ұлттық құрама сапында соққан  голы 78-ге жетті. 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеудің алғашқы турын өткізген Бразилия құрамасы Боливия құрамасын 5:1 есебімен ұтты. Осы матчта Неймар екі голды еншісіне жазды.