• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Парламент 06 Қыркүйек, 2023

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

238 рет
көрсетілді

Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. Олардың қатарында Салық кодексі мен Салық кодексін қолданысқа енгізу, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер, жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеуге беруге қатысты өзгерістер, сондай-ақ бірқатар халықаралық құжат бар, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға, Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге, 2000 жылдың 7 шілдесіндегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы хаттамаға және т.б. қатысты бес ратификациялық заң жобасы бар.