• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Тамыз, 2023

Шіркеуге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

271 рет
көрсетілді

Ақтөбе полицейлері шіркеудегі қайырымдылық қорапшасына ұрлыққа түскен Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады,  деп хабарлайды Egemen.kz.

3 тамыз күні сағат 15:00 шамасында М.Мәметова көшесіндегі Әулие-Николай соборының шіркеуінде белгісіз адамдар қайырымдылық қорабын сындырып, 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлап кеткені туралы хабарламаға сәйкес дереу оқиға орнына барған полиция қызметкерлері аумақты тексеріп, куәгерлерден жауап алған.

ІІМ-нің ақпаратында: «Тәртіп сақшылары шіркеуде орнатылған бейнекамералардың көмегімен тәулік ішінде күдіктіні ұстады»,  деп жазылған.

ҚР ҚК 188- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.