• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2023

Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты

189 рет
көрсетілді

19 шілдеде Бурабай ауданының орман алқабында «Учаске» ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қонақүйлердің бірінің жанынан маркасы мен нөмірі жоқ бір оқпанды мылтықтың кесіндісі, сондай-ақ оның 4 патроны табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табылған қару мен патрондарға қатысы бар болуы мүмкін адам анықталды. Қазіргі таңда өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Осы дерекке қатысты Ақмола облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.