• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Шілде, 2023

Допинг дауына іліккен боксшылар спорттан шеттетілді

508 рет
көрсетілді

Допингке байланысты ұсталған екі қазақстандық боксшыға қандай жаза қолданылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстанның допингке қарсы комитеті хабарлағандай, Саматәлі Төлтаевтың сынамаларынан оралтуринабол, ал Абзал Серіктен метастерон табылған.

Екеуі де 3 жылға спорттан шеттетілді. Енді Төлтаев 2023 жылғы 31 наурыздан – 2026 жылғы 31 наурызға дейін, Серік 2023 жылғы 7 сәуірден – 2026 жылғы 7 сәуірге дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Айта кетейік, Саматәлі Төлтаев – 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сәуірде ол ұлттық құрама сапынан қуылып, Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатына қатыса алған жоқ.

Ал Абзал Серік – жасөспірімдер арасындағы 2019 жылғы Азия чемпионы, 67 келі салмақтағы жастар арасындағы Азия-2023 чемпионатының жүлдегері.