• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Президент 30 Маусым, 2023

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын қарқынды дамыту қажет - Президент

261 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде полиция қызметінің сервистік моделіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде полиция қызметінің сервистік моделі енгізіліп жатыр. Пилоттық жобалар қолға алынды. Соның арқасында тұрғындармен тығыз жұмыс істейтін бөлімшелердің қызметі реттелді.

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын орнықтыру үшін нақты шаралар қабылдануда. Осы қарқынды тоқтатпау керек. Пилоттық жоба аясында қол жеткен жетістікпен шектеліп қалуға болмайды. Ашығын айтқанда, қызмет көрсетудің сервистік моделі туралы тек мамандар ғана айтып жүр. Қарапайым азаматтар мен қоғам өкілдері пікір білдіріп жатқан жоқ. Бұл – халық оның нақты нәтижесін, оң өзгерістерді көріп жатқан жоқ деген сөз», деді Президент.

Мемлекет басшысы сотқа дейінгі тергеу саласының маңызы жайлы атап өтті.

«Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу саласына да назар аударған жөн. Бұл – құқық қорғау жүйесіндегі мемлекеттік қызметтің ерекше бір түрі. Әрине, оның өзіндік ішкі тәртібі мен ережелері бар», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.