• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология 19 Маусым, 2023

Синоптиктер Астанадағы ауа сапасына қатысты пікір білдірді

«Қазгидромет» мамандары Астанадағы ауа сапасына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2023 жылғы 19 маусымда Астана қаласындағы №7 бекетте (сол жағалау, Түркістан көшесі, 2/1) ауданында шекті концентрация мөлшерінің асып кетуі байқалды. Әсіресе азот оксиді (шекті концентрацияның асып кетуінің 9 жағдайы), азот диоксиді бойынша (42 жағдай) байқалған», делінген хабарламада.

Сондай-ақ №7 бекеттен басқа, №8 бекетте (Көктал шағынауданы) озон бойынша 19 жағдай, күкіртсутек бойынша 18 жағдай тіркелген.

«Синоптикалық сипаттамаларға сәйкес, оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 16 м/с дейін жетеді. Алдағы уақытта жаңбыр жауады деген болжам бар», деп қосты синоптиктер,

Соңғы жаңалықтар