• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Теннис 04 Маусым, 2023

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы челленджер турнирінің финалына өтті

293 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшісі кәсіби спорт жолында алғаш рет челленджер финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір Бейбіт Жұқаев әлем рейтингінде 325-орында тұр.

Ол АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінде Аустрия теннисшісіне қарсы ойнады. 3 сағатқа созылған ойында Қазақстан теннисшісі басым түсті. Енді ол финалда әлемнің 311-ракеткасы Эстония теннисшісі Марк Лаялмен бас жүлдеге таласады.