• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Мамыр, 2023

​Қазақстан мен Иордания СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

414 рет
көрсетілді

​Қазақстан мен Иордания СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер және экспатрианттар министрі Айман Сафадимен телефон арқылы сөйлесті.  Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.