• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Су спорты 02 Сәуір, 2023

Әлем кубогіне жолдама алды

178 рет
көрсетілді

Су добынан Сингапурда ұйымдастырылған әлем кубогінің іріктеу кезеңіне арналған Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлық додасында бақ сынаған Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша Дамир Темірханов жаттықтыратын Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының алғашқы турында Филиппиннен басым түссе (19:6), кейінгі матчта Гонконг құрамасын ойсырата жеңді – 22:7. Ал финалға жолдама беретін матчта Иранмен кездесіп, пенальти сериясында қарсыластарына есе жіберді. Қорытынды есеп – 14:15. Дегенмен қола жүлде үшін өткен бәсекеде жерлестеріміз Таиланд ватерполшыларын 18:7 есебімен жеңіп, Азия біріншілігінің қола жүлдесімен бірге Әлем кубогі кезеңінің жолдамасын жеңіп алды.

Ал қыздар арасындағы жарыста Әсел Жақаева баптайтын Қазақстан әйелдер құрамасы чемпион атанған болатын. Олар барлық матчта қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, су добынан Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы мамыр айында Германияның бас шаһары – Берлинде жалауы желбірейтін Əлем кубогіне қатысатын болды.