• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Наурыз, 2023

АҚШ Орталық Азия елдеріне 25 миллион доллар бөледі

241 рет
көрсетілді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Орталық Азия елдерімен байланысты нығайту және олардың экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін Орталық Азия елдеріне қаржылай қолдау көрсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Орталық Азия елдеріне олардың экономикалық тұрақтылығын нығайту, ЕО аймақтық сауда байланыстарын кеңейту бастамасы аясында 25 миллион доллар бөлінеді», деді ол Астанада өткен C5+1 кездесуінен соң.

Энтони Блинкен алдағы күндері Қазақстаннан өзге Орта Азиядағы 5 елге жұмыс сапырымен барады.

«Әрине, біз салынған санкциялардың салдарын көріп отырмыз. Алайда біз өзгенің есебінен санкция зардабын тартып жатқан елдердің кәсіпорындары мен компанияларына арнайы лицензия береміз. Біз жаңа логистикалық мүмкіндіктерді, экспорттық нарықтарды іздейміз. Орталық Азия елдеріне жаңа серіктестер мен жаңа мүмкіндіктер ашу жолында бар күшімізді саламыз», деді Блинкен.