• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 17:35

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ойын формасын таныстырды

20 рет
көрсетілді

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формаларын таныстырды. Федерация мәліметінше, жаңа жиынтықты Adidas компаниясы UEFA-ның UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында дайындаған, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа киім үлгісі үйдегі ойындарға (сары түсті) және  сырт алаңдағы (көк түсті) кездесулерге арналған екі жиынтықтан тұрады. Қазақстан құрамасы аталған бағдарлама аясында Adidas компаниясынан форма алған Еуропаның он ұлттық құрамасының қатарына енді. Ұлттық құрамалар жаңа формамен алдағы екі жыл бойы өнер көрсетеді.

Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды

UEFA Kit Assistance Scheme – ұлттық қауымдастықтарды қолдауға бағытталған және олардың қажеттілігіне сай заманауи спорттық киіммен қамтитын бағдарлама. Сонымен қатар, қатысушыларға Adidas Locker Room сервисі де қолжетімді. Бұл жүйе арқылы жеке дизайндағы экипировкаларды әзірлеуге және тапсырыс беруге болады.

«Тоттенхэмнің» бұрынғы директоры Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды

Ұлттық құраманың жаңа формадағы алғашқы матчы маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу өткізіп, Армения және Венгрия құрамаларына қарсы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар