• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қаңтар, 2023

Септігі мол цифрлық карта

310 рет
көрсетілді

Атырау облысында өткен жылғы қыркүйекте «Отбасының цифрлық картасы» қанатқақты жобасы іске қосылған еді. Бүгінде жаңа жобаның тиімділігі байқала бастады.

Облыстық жұмыспен қам­ту­ды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­ма­сының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, бұл жоба біраз тұр­ғын­ның уақытын үнемдеуге сеп­тігін тигізіп жатыр.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пилоттық режімде қолданысқа енгізілген жобаның қазір тиімділігіне көз жеткізіп отырмыз. Өйткені отба­сының цифрлық картасы – азаматтарға әлеуметтік мәрте­бесіне байланысты кепіл­ден­­дірілген мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы туралы ақпарат беретін электрондық жаршы. Аталған жоба арқылы былтырғы қыркүйек айы­­­нан бері 1 540 адамға sms-хабарлама жіберілді. Содан кейін 700-ден астам атыраулыққа жәрдем­ақы­лар мен әлеуметтік тө­­лем­дер рәсім­делді, – дейді А.Мәмбетов.

Оның айтуынша, «Отба­сы­ның цифрлық картасы» жобасына облыстағы барлық от­ба­­сы мен мүшелері туралы де­ректер енгізілген. Бұл деректер отбасы мен мүшелері мәртебесінің өзге­руіне байланысты жаңартылады.

– Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген адамға қызмет көрсетуге келі­сім алу үшін sms-хабарлама жібе­рі­леді. Оны алған азамат «иә» деп жауап жазған соң, жүйеде ақпарат толық тексеріледі. Ке­лі­сім алғаннан кейін қызмет алу­шының өтініші тіркеледі. Соның нәтижесінде жәрдемақы, әлеу­меттік төлемдер немесе мем­­лекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, кейін алу­шының есепшотына аударылады. Яғни ешкім құжат тапсырып жүрмейді. Сол сияқты өзге де әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы азаматтарға да осылай sms-хабарлама жолданады. Тіпті «Отбасының цифрлық картасы» атаулы әлеуметтік көмекті алуды да ұсынады, – дейді А.Мәмбетов.

Жыл басынан бері биыл атау­лы әлеуметтік көмек тағайын­далуы мүмкін 251 азаматқа sms-хабарлама жолданған. Оның ішін­де 181 азаматтан sms-хабар­ла­ма жауап күтіп отыр. Ал 32 адам­ға атаулы әлеуметтік көмек тағайын­дал­ған.

 

Атырау облысы