• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қаңтар, 2023

Екібастұзда бірнеше тұрғын үй уақытша жылудан ажыратылады

156 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласында жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті басылымның мәліметінше, №82 орталық жылу пунктінен Сәтпаев көшесі, 22 үй, №1 корпусқа  дейінгі аумақта  жерасты  құбырларының  зақымдалуын жою жұмыстары жүргізіледі.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС төрт көпқабатты үйді жылудан ажырату таңғы сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін созылатынын айтты.

Бұған дейін 16 қаңтарда Екібастұзда жеке сектордағы бірқатар үй уақытша жылусыз қалатыны хабарланған еді. Екібастұз ЖЭО жөндеу жұмыстары қаңтар айының соңына дейін тұрақталады деп уәде беріп отыр.