Саяси науқанға Қостанай облысынан үш кандидат қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлауға облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 255 депутаты қатысып, таңдауларын жасады. Дауыстарды санау қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов басым түсіп, Сенат депутаттығына өтті.
Айта кетейік, Ғауез Торсанұлымен бірге №2 емхананың бас дәрігері Самат Шүменбаев пен «Аmanat» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Қойшинова додаға түскен еді.