• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:03

Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Бүгін түнде Астананың Есіл ауданын Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.

Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

ТЖМ күштері жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шыққан. Өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай ерекше бақылауға алынды.

Сәтбаевта көпқабатты үйден өрт шықты: 4 бала құтқарылды

Соңғы жаңалықтар