• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:43

Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді

20 рет
көрсетілді

6-12 сәуір күндері елордада Ұлттық лига командалары арасындағы волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының плей-офф матчтары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Отандық волейбол тарихында алғаш рет турнирдің финалдық кезеңі «Барыс Аренада» ұйымдастырылмақ. Бұл – еліміздегі ең ірі көпфункционалды спорт ареналарының бірі.Жарысқа елдің ең үздік төрт клубы қатысады: «Жетысу» (Талдықорған), «Қуаныш» (Петропавл), «Берель» (Өскемен) және «Тұран» (Түркістан). I тоқсан қорытындысы: Спортшылар ел қоржынына 200 медаль салды Ойындар плей-офф жүйесі бойынша өтеді: жартылай финал сериялары екі жеңіске дейін жалғасады. Плей-оффта «Жетысу» – «Тұран» және «Қуаныш» – «Берель» командалары сынға түседі. Финал және үшінші орын үшін ойын да екі жеңіске дейін өткізіледі.   Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түстіЧемпионаттың шешуші кезеңін осындай деңгейдегі аренада өткізу Қазақстандағы волейболды дамыту мен насихаттауда маңызды қадам. Аренаның сыйымдылығы – 11 626 көрермен, бұл кең аудиторияны тартуға мүмкіндік береді.Ұлттық лиганың финалдық кезеңіндегі барлық матчқа кіру тегін.
Соңғы жаңалықтар