• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қараша, 2022

Қазақстандық пара спортшылар 54 медаль еншіледі

554 рет
көрсетілді

Португалияның Вилли-Реал-де-Санто-Антонио қаласында IWAS-2022 дүниежүзілік ойындары мәресіне жетті. Жарысқа әлемнің 34 елінен 500-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан сапынан 27 спортшы бақ сынады. Нәтижесінде, Қазақстан қоржынына 14 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль түсті.

IWAS ойындары - мүгедектер арбасына таңылған және ампутацияланған мүгедектерге арналған халықаралық жарыс. Дүниежүзілік ойындар екі жылда бір өткізіледі. IWAS ұйымына 73 мемлекет кіреді.