• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қараша, 2022

G20 саммитінде Аргентина президентінің денсаулығы сыр берді

271 рет
көрсетілді

Аргентина президенті Альберто Фернандес Балидегі G20 саммитінің ашылуынан кейін дәрігерлер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы сейсенбіде Аргентинаның мемлекет басшысы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлаған. 

«Бүгін Аргентина президенті Альберто Фернандес қан қысымының көтерілгенін және басы айналғанын айтып шағымданды. Асқынуларды болдырмау үшін диагностикалық тексеруден өту туралы шешім қабылданды», делінген президенттің емдеуші дәрігері қол қойған мәлімдемеде. 

Енді саммиттегі кездесулерге президенттің орнына Сыртқы істер министрі Сантьяго Кафиэро қатысады.