• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Маусым, 2022

Таразда өндіріс орнында жұмысшы қаза тапты

242 рет
көрсетілді

Таразда басына кірпіш құлаған зауыт жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 маусым сағат 21:40 шамасында полицияға «Қазфосфат» ЖШС қызметкері ауыр жарақат алды деген хабар түскен.

Полиция қызметкерлері 34 жастағы тұрғынның басына жұмыс орнында кірпіш құлағанын анықтады.

Ер адам жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақатынан көз жұмған.

«7 маусым күні аталған дерек бойынша жұмыс барысында қауіпсіздік ережесі сақталмағаны үшін Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды» делінген полиция мәліметінде.