• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қаржы 30 Мамыр, 2022

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 40 млрд теңгеге азайды

274 рет
көрсетілді

Ұлттық банк ұсынған мәлімет бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сәуір айында 0,3%-ға, яғни 40 млрд теңгеге азайып, 12 939,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылғы сәуірде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 170,1 млрд теңгеге, 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 033,2 млрд теңгеге дейін азайды», делінген ҚР Ұлттық банкінің хабарламасында.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 10,9 млн шотты құрады.

2022 жылдың сәуір айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 34,6 млрд теңгеге жеткен.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 41,2% және 22,5%) алады.