• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Фотогалерея 07 Мамыр, 2022

Тылсым табиғат: Фоторепортаж

1555 рет
көрсетілді

«Құралайдың салқыны» деген сөз бар. 

Мамыр айының он шақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндерінде киіктер жаппай төлдейді.

Бір ерекшелігі, киік қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп үлгереді екен.

Жаңа туған лақ екі сағатта аяққа тұрып енесіне ере алады.

 Киік төлдеген суық кезде етке құмар дала жыртқышының тістері қақсап, тәбеті қашып, жақындай алмайды деседі.

Тек құралай аяғына тұрып, енесіне еріп жүре алатын шақта ғана жыртқыш аңдардың тәбеті қайта оралады екен.

Табиғаттың осындай ерекшелігіне қалай таң қалмайсыз ә?