• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Футбол 01 Ақпан, 2022

Обамеянг «Барселона» қатарына қосылмақ

211 рет
көрсетілді

32 жасар «Арсеналдың» габондық легионері Пьер-Эмерик Обамеянг испаниялық «Барселона» футбол клубының қатарын толықтыратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап. 

Деректерге сенсек габондық футболшы каталондықтар сапына еркін агент ретінде қосылатын көрінеді. Футболшы тіпті едел-жедел медициналық сынақтардан да өтіп қойған. Өткен жылдың желтоқсан айында футболшы лондондық клубтың капитаны дәрежесінен айырылған болатын. Содан кейін оның «Арсеналдан» кетуге әрекет жасап жатқаны туралы ақпарат тараған еді.