• RUB:
    5.07
  • USD:
    451.77
  • EUR:
    485.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қаңтар, 2022

Алматыдағы тәртіпсіздік: ІІМ 2 мыңға жуық адам ұсталғанын айтты

339 рет
көрсетілді

Алматыда көшелерді тазалау кезінде полицияға 2 мыңға жуық адам жеткізілген. Бұл туралы ІІМ-нің  баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы қалалық ІІД қызметкерлері Қарасай батыр – Масанчи көшелерін тазалау үшін алға жылжығаны хабарланды.   – Тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Барлығы екі мыңға жуық адам полицияға жеткізілді, - делінген хабарламада.

6 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысында жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп түнде қалпына келтірілді.

– Бір топ адамның заңсыз әрекеті салдарынан бір полиция қызметкері зардап шекті. Оқиға орнын тексеру барысында жанғыш қоспасы бар бөтелке тәркіленді, сонымен қатар бір азаматтан травматикалық тапанша алынды, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қызылордада тәртіпсіздіктен кейін қала ғимараттарының терезелері мен есіктері сынған.

– Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті тиісінше қорғап және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, – деп толықтырды ІІМ.