Бүгін Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан ерлер арасында Азия чемпионатының финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шаршы алаңға шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың алтын жүлдесін үндістандық Сачин Сачинге қарсы сарапқа салды. Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші раундта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңісті өз тарапына бұра алды. Ал шешуші раундта отандасымыз шабуылда белсенді болып, нәтижелі соққылар жасай білді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Қазақстан боксшысына берді. Осылайша, Оразбек Асылқұлов ерлер арасында ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді
Айта кетейік, күні кеше қыздар құрамасы Азия біріншілігін 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен қорытындылады. Сондай-ақ жеңістің бірінші тұғырынан көрінген бұрымды боксшыларды Президент құттықтады.