• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Үкімет 03 Қаңтар, 2022

Ақтаудағы комиссияны Ералы Тоғжанов басқарады

450 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерделеу үшін Ақтаудағы комиссияны басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Комиссияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқарады. Ертең таңертең Ералы Тоғжанов, Мағзұм Мырзағалиев және Серік Жұманғарин Ақтауға ұшады»,  делінген хабарламада.

Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау үшін Үкіметтік комиссия құрылған болатын.