• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 03 Қыркүйек, 2021

Нұрлан Домбаев Паралимпиаданы жүлдесіз аяқтады

277 рет
көрсетілді

Паратаэквондошы Нұрлан Домбаев Қазақстан құрамасының қоржынын Паралимпиада ойындарының алтыншы медалімен толтыра алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы Аргентина өкілі Хуан Самораномен үшінші орын үшін күресте 12:13 есебімен жеңіліп қалды.

Ал 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Нұрлан Домбаевты жеңген ирандық Махди Поурранамадгоураби мен Мексикадан келген Хуан Диего Гарсия Лопес өнер көрсетті. Оңтүстік американдық 26:20 есебімен жеңіп, алтын медальді иеленді.