• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау 23 Маусым, 2021

Мемлекет басшысының өкімімен Қарулы Күштерде бірқатар тағайындау болды

192 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Мереке Мәтімұлы Күшікбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.