• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Маусым, 2021

Ақсуда велосипедтегі баланы көлік қағып кетті

328 рет
көрсетілді

Ақсуда велосипедтегі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусым күні сағат 17:10-да Ақсу қаласындағы Строителей көшесіндегі үйге қарама-қарсы «ВАЗ 21112» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол бойында рұқсат етілмеген жерде велосипедпен келе жатқан баланы қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедтегі бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», делінген хабарламада.

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.