• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2020

Сарыағаш қаласындағы тоғыз дүкен өртке оранды

2587 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең Түркістан облысы Сарыағаш қаласында өрт болды. Бұл туралы ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Сағат 04:40-те Сарыағаштағы "Рамазан" суару каналының бойында жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрайтын тоғыз дүкен өртке оранды.

Өрт салдарынан жақын маңда тұрған "ГАЗель" маркалы автокөлігі де жанып кеткен. Өрт тек сағат 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жедел әрекет ету тобының күштері, кезекшілік жедел-тергеу тобы, жалпы 36 адам және тоғыз техника жұмылдырылды.