• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Сәуір, 2020

Ұлыбританияның премьер-министрі ауруханадан шықты

336 рет
көрсетілді

Коронавирустан емделіп жатқан Борис Джонсон Лондондағы Сент-Томас ауруханасынан шықты, деп хабарлайды ВВС.

Даунинг-стриттің хабарлауынша, премьер-министр дәрігерлердің кеңесі бойынша жұмысына әзірге оралмайды.

«Борис Джонсон көрсеткен көмегі үшін Сент-Томас ауруханасының барлық қызметкеріне алғыс айтты» делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.