• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қаңтар, 2020

А.Шпекбаев: 2019 жылы 1000-нан аса жемқор сотталды

377 рет
көрсетілді

2019 жылы Қазақстанда 1 002 лауазымды тұлға жемқорлық үшін сотталған. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.

«Қылмыстық-құқықтық шаралардың қорытындысына тоқталайын. 1 717 жемқорлық қылмысы тіркелді. Олардың жартысынан көбі пара алу, пара беру деректері бойынша, 1 002 лауазымды тұлға сотталды.

Былтыр 112 осындай қылмыс тоқтатылды. Келтірілген шығын - 24,6 миллиард теңге, оның 22,7 миллиарды қайтарылды», деді Шпекбаев ведомствоның 2019 жылғы қорытындысы бойынша жиында.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға сыйақы берілетінін айтты.