• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Президент 30 Желтоқсан, 2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

275 рет
көрсетілді

Мемлекеттер басшылары бір-біріне ілтипат білдіріп, жаңа жылдық құттықтауларын жеткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған өзара ықпалдастықтың барлық саласындағы екіжақты қатынастардың оң қарқынын атап өтіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективаларын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары тұрақты әрі сенімді саяси диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, 2020 жылға арналған ынтымақтастықтың нақты жоспарын белгіледі.