• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Президент 27 Желтоқсан, 2019

Президент жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтты

293 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатынан қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатынан қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Президент зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, апаттың себебін анықтау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылғанын атап көрсетті. Сонымен қатар кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлім етті», делінген хабарламада.