• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Желтоқсан, 2019

Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

1022 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

- Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалсын, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.