• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Сәуір, 2019

Н.Нығматулин: Сайлау өткізу туралы шешім – демократиялық қағидаттың көрсеткіші

886 рет
көрсетілді

Қабылданған кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім өз уақытында жасалған өте қа­жетті және өте маңызды қадам екені сөзсіз. Сонымен бірге ол демократиялық қағидаттарға толықтай жауап бере отырып, шын мәнінде ел мүддесін қор­ғауға бағытталған.

Себебі жалпыхалықтық дауы­с беру нәтижесінде сайланған, ел таң­даған мемлекет басшысы ха­лық­тың сенім мандатына ие болады. 

Ал президенттік сайлау кезіндегі әрбір азаматтың жүрек қалауы Қазақстанымыздың сая­си бағдарының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді.  Соның нәтижесінде біз Елба­сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев негізін қалаған Қазақ­станның ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асыра отырып, Тұңғыш Президентіміз салған сара жолды одан әрі жалғастыратын боламыз.