• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Шымкентте құны 90 млн теңге болатын 1,2 га жер мемлекетке қайтарылды

20 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, заңсыздықтарды анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеру барысында жер учаскелерін жалған құжаттар негізінде заңдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қоюға жататын жерлерді заңдастыру фактілері анықталды.

82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды

Прокуратура актісі негізінде уәкілетті органдармен тиісті шаралар қабылданды.

«Нәтижесінде, мемлекет меншігіне жалпы алаңы 1,2 га, кадастрлық құны 90 млн теңге болатын жер учаскелері қайтарылды», делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр және прокуратураның тұрақты бақылауында тұр.

Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Соңғы жаңалықтар