"Қазгидромет" РМК 7-9 қазанға арналған ауа райы мәліметтерін жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Антициклонның Солтүсік Шығысқа қарай жылжуы бойынша Қазақстанға жылы ауа массасы Иран аумағынан келеді. Сол себепті демалыс күндері республикада температураның жоғарылауы күтіледі.