Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, қаржыны «1XBet» букмекерлік кеңсесінде бәске тіккен. Сондай-ақ ұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған.
Бухгалтердің заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекет бюджетіне 118 млн теңге залал келген.
Қазір бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр.
12 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында білім бөлімінің басшысы мен бухгалтерлері сотталды
Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторына қамалып, ал автокөлікті пайдалануға тыйым салынған.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылы аталған аймақта букмекерлік кеңселерде бәс тіккен түрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылған.
Ақша ұрлаған бухгалтер 7 жылға сотталды