• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Футбол 20 Тамыз, 2017

«Егемен Қазақстан» командасы Бердіқұлов турнирінің жартылай финалына өтті

280 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің командасы Астанада өтіп жатқан БАҚ өкілдері арасындағы шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұлов турнирінің жартылай финалына шықты.

Бас басылым өкілдері турнирдің 1/2 финалында «Хабар» телеарнасының жігіттерімен кездеседі.

Топтық кезеңде «Проспорт» командасына 1:2 есебімен есе жіберген «егемендіктер», «Қызылжар» командасын 4:2 және «Казспорт» құрамасын 7:0 есебімен тізе бүктірді. Бұдан кейін 1/4 финалда 2:1 есебімен ОҚО-2 командасынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.