Қазақстан биыл сәуір айында Еуропа ынтымақтастық және даму ұйымы (ЕЫДҰ) инвестиция комитетіне кіреді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Қазақстанның ЕЫДҰ-мен интеграция бойынша ұйымның ұсыныстарын ескере отырып Жол картасы әзірленеді. Қазақстанның ЕЫДҰ-ның 13 құқықтық құралдарына қосылуы мен ұйымның 29 комитетімен ынтымақтастықты тереңдету жолға қойылды. Сәуірде Қазақстан ұйымның инвестиция комитетіне кіреді", - деді министр.