Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіндегі №429 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің мәліметінше, сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді.
Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 «А» үй (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Қазақстан азаматтарына сайлау учаскесіне барған кезде жеке басын куәландыратын паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
«Мәскеудегі учаскеде дауыс беруді жоспарлап отырған сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету үшін электрондық поштаға (referendum.moscow@mfa.kz) келесі мәліметтер жіберу туралы өтініш: Тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, Ресейдегі тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мәскеуден басқа, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:
№454 сайлау учаскесі – Санкт-Петербург қаласы, Чайковский көшесі, 71-үй, сайт №465 сайлау учаскесі – Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, сайт №455 сайлау учаскесі – Астрахань қаласы, 1-ші Аршанская к-сі, 17 үй, сайт №456 сайлау учаскесі – Омбы қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 9-үй, сайтАйта кетейік, 2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.