• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Кеше

Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін

10 рет
көрсетілді

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айындағы ресми ойындарға «Тобыл» капитаны Асхат Тағыбергенді шақыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

35 жастағы орталық жартылай қорғаушының жақсы ойыны мен дәл осы позициядағы футболшылардың аздығы Асхат Тағыбергеннің құрамаға қайта оралуына септігін тигізеді.

Талғат Байсуфинов «Тобылдың» ресейлік «Ахмат» командасына қарсы бақылау ойынын көріп, тәжірибелі ойыншының грозныйлықтарға гол соққанын тамашалады. Матч қостанайлықтардың жеңісімен аяқталды. Есеп – 2:1. Қазіргі уақытта Асхат Тағыбергеннің ұлттық құрамға оралу туралы ойы жөнінде пікірі белгісіз, алайда бұл тақырыпта бас бапкермен әңгіме алдағы уақытта өтуі мүмкін.

«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік басқаруға өтті

Айта кетейік, өткен жылғы маусымда Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған болатын. Ұлттық құрамада ол 65 матч өткізіп, төрт гол соққан.

Сонымен қатар, FIFA Series 2026 турнирі аясында Қазақстан құрамасы 25 наурызда Комор аралдарына қарсы ойнайды, ал 28 наурызда алғашқы ойындардың жеңімпаздары мен жеңілгендері (Кувейт–Намибия) арасындағы матчтар өтеді. Барлық кездесулер «Астана Арена» стадионында өтеді.

«Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке сатылды

Соңғы жаңалықтар