• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Иван Дычко ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

391 рет
көрсетілді

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Мәліметтер бойынша, бүгін Астанада MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасапты. Айта кетейік, бұған дейін Майк Альтамура басқаратын бұл промоутерлік компаниямен Қазақстан құрамасының капитаны, Олимпиада ойындарының чемпионы Дания Елеусінов те келісімшарт жасасқан болатын.