қар
Экономика • 28 Наурыз, 2024
Қазақстанда жаңа исламдық депозиттердің әлеуетті көлемі 2,8 трлн теңгеге бағаланды
Қазақстандағы жаңа ислам депозиттерінің көлемі 2,8 трлн теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. Мұндай деректер Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды дамыту нарығы бойынша есептің тұсаукесері шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО, Орталық) алаңында айтылған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Наурыз, 2024
Қарағанды облысының жаңа полиция басшысы тағайындалды
Нығмет Исмағұлов Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 390 адам құтқарылды
Қостанай облысының қызыл су басып жатқан аудандарында 390 адам құтқарылды. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Арқалықтың маңайындағы елді мекендерден 307 тұрғын, Амангелі ауданынан 37, Жангелдин ауданынан 46 адам құтқарылған, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушы • 27 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 12 адам Ми-8 тікұшағымен құтқарылды
Төтенше жағдай министрлігі «Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен Қостанай облысындағы Екідің елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 адамды құтқарды.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Депутат: Жол болмаса, қандай серпін, қандай даму болады?
«Ауыл» фракциясы депутаттары атынан Қарақат Әбден жолдардың сапасыздығына назар аударып, Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2024
Société Générale банкі өкілдерімен қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық Société Générale банкінің Таяу Шығыс, Түркия/ТМД, Африка өңіріндегі басшысы Эмрик Арно және Орталық Азия елдері мен Кавказ өңіріндегі басшысы Тейба Гулиевамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 27 Наурыз, 2024
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан халықаралық бокс бәсекесінде 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері тасқынға қарсы күресте жүр
Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың бел ортасында Орал шаһарында орналасқан 5517 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы да жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2024
Тасжолды жауып тастаған: Қояндыда қандай шу шықты?
Астана іргесінде орналасқан Қоянды ауылында қар суы еріп, бірнеше ауланы су басқан. Жүріп-тұру қиындаған ауыл тұрғындары аймақта Төтенше жағдай жариялауды талап етіп, 26 наурыз күні, кешке күре жолды жауып тастады, деп жазады Egemen.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жалғасып жатыр
Ауа температурасының күрт жылынуы және қардың тез еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті. Ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында байқалды. Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2024
Қазақстан-Қытай форумы: Сауда және экономикалық ынтымақтастық кеңейтілді
Таяуда Астана қаласында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Қытай – Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнінде экспорттаушылардың екінші форумы өтті.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Батыс Қазақстан облысы қарғын су құрсауында қалды
26 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында тоқтаусыз жаңбыр жауып, бір тәулік ішінде бір айлық мөлшер – 25,6 мм жауын-шашын түсті. Өңірде құрылған жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Су тасқынының алдын алу жұмысын өңір басшысы Нариман Төреғалиев өзі қадағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2024
ШҚО-да су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр
Қысқы мезгілінің басынан бері жалпы қар көлемі 162 470 текше метрді құраған 75 қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдар су тасқынының алдын алу шараларын өткізу бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2024
Қостанай облысында еріген қар суы шығарылды
Қостанай облысында төрт елді мекеннен қар суы шығарылды. Қазір жағдай тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 25 Наурыз, 2024
Бакудегі халықаралық бәсеке: Бүгін 3 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокс бәсекесінде бүгін 3 ел спортшысы шаршы алаңға шығады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Наурыз, 2024
Шарын өзенінде 7 адам құтқарылды
22 наурыз күні Алматы облысы Ұйғыр ауданында 7 демалушы құтқарылды. Олар Шарын өзенінің басқа жағалауына өтіп кетіп, өз беттерінше кері қайта алмаған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
Еркін күрестен халықаралық турнирде әскер спортшысы чемпион атанды
Армения астанасы Ереванда 23 жасқа дейінгілер арасындағы еркін күрестен халықаралық жарыс аяқталды. Оған Армения, Беларусь, Грузия, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Франция елдерінен барлығы 200-ден астам балуан қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақ боксшылары 11 салмақ бойынша жұдырықтасады
Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан наурыздың 23-і күні басталып, бір аптаға созылатын «Ұлы жібек жолы» халықаралық турниріне Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Көпбалалы отбасылар 39 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 574,5 мың отбасы қамтылды. Дәлірек айтқанда, оларға жалпы сомасы 77,1 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қаржы • 19 Наурыз, 2024
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,78 теңгеге көтеріліп, 451,08 теңге болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Наурыз, 2024
Мобильді аударымдар: Қаржы министрі жаңа өзгеріс болатынын айтты
Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдарға қатысты жаңа өзгеріс талқыланып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 19 Наурыз, 2024
Бакуде өтетін халықаралық турнирде бақ сынайтын боксшылар анықталды
Қазақстан Бокс федерациясы 23 наурыз күні Бакуде басталатын халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын боксшылар тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 18 Наурыз, 2024
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен азаматтық қорғау жүйесінің әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілерін, құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Елорда әкімдігінде салтанатты жағдайда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық құтқарушыларға он бес қызметтік пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 18 Наурыз, 2024
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2024
Инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 18 Наурыз, 2024
Қайырымдылыққа жиналған ақшаны бәске тіккендер анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігі 660 мың ел азаматы өзін «жалған мұқтаж» ретінде көрсеткендерге қаржы аударғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 17 Наурыз, 2024
Ташкенбай, Жақпеков. Халықаралық турнирдің финалына шыққан боксшылар белгілі болды
Сербияның бас қаласы Белградта өтіп жатқан халықаралық турнир финалдық кезеңге келіп жетті. Алтын үшін айқаста 8 ел спортшысы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Экономика • 15 Наурыз, 2024
Қаражат ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет - Президент
Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері жиілегенін атап өтті. Сондай-ақ Қаражат ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет екеніне айрықша тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 15 Наурыз, 2024
Халықаралық іздеуде болған күдікті Чехиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен «Ж» есімді күдіктіні аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2024
«15 см»: Алматы қаласында қалың қар жауды
Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы наурыздың 14-15 күндерінің жауын-шашыны кездегі коммуналдық қызмет жұмысы туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.