Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
368 материал табылды

Өнер • 30 Мамыр, 2023

Би өнерінің бірегейі

1961 жылы Перу және АҚШ әншісі Има Сумак кеңес одағын аралау кезінде Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Тапаловамен танысады. Има Сумактың анасы инк тайпасының соңғы императоры – Атауальпының ұрпағы екен. Үндінің көмейден күмбірлеп шығатын қоңыр дауысын Еуро­паның классикалық музыка стиліне салған әнші Нұрсұлу Тапалованы Перу елінің ән-биін үйреніп қайтуға шақырады. Алайда сол уақыттағы АҚШ пен кеңес одағының арасындағы сәл-пәл жылымыққа қарамастан, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті «халық жауының» қызы болғаны үшін Нұрсұлу Елубайқызына шетелге шығуға рұқсат етпейді. Бұл көпке мәлім болмаған деректі Нұрсұлу Тапалованың 100 жылдығына арналған «Би биігіндегі ғұмыр» атты Ақтөбеде өткен конференцияда бишінің қызы Тоты Шоқырқызы ортаға салды. Шетелге шығуға тыйым салынғанына биші аса қамықпай, «Мен үшін өнерімді халқымның бағалағаны маңыз­ды­рақ», деген екен қыздарына.

Балалар • 25 Мамыр, 2023

Коммуналдық лагерь ашылса...

Жақында жергілікті бюджеттің 400 млн теңгесі ата-анасы жоқ, аз қамтылған және төтенше жағдай салдарынан жапа шеккен отбасылардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға бө­лінді. Ақтөбе қаласының төңірегінде балаларға арналған тоғыз лагерь орна­ласқан. Оның екеуі – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік.

Жәдігер • 23 Мамыр, 2023

Киеге де ие керек

«Жәдігер жерде қалмасын!» акциясымен ақтөбеліктер облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына біраз құнды жәдігер тапсырды. Ел ішінде әлі күнге дейін ата-бабаларының «көзін» үйлерінде сақтап жүргендер көп. Соң­ғы жылдары қорға ұстаның көрігі, тары түйетін келі-келсап, алаша, әде­мі өр­нектелген сандық-кебеже сияқты тұрмыстық бұйымдар көптеп түсті.

Театр • 16 Мамыр, 2023

Адасқан адамдар өмірі сахналанды

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры сахнасында Ақтөбе қаласындағы №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы «Жанталас» актерлік мектебінің жас өнерпаздары драматург Думан Рамазанның «Бейуақ» пьесасын сахналады.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2023

«Парктер шеруі» акциясы

Наурыздың соңынан бері еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтар – қорықтар мен ұлттық парктерде, резерваттарда өтіп жатқан «Парктер шеруі» экологиялық акциясына «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ мамандары да қосылды.

Отбасы • 14 Мамыр, 2023

Бәрінен де дәстүр маңызды

Ерлі-зайыпты Рахат пен Лариса Өтеновтер «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатында қырық жылға жуық бірге еңбек етіп келеді. Лариса осыдан жиырма жыл бұрын Рахаттың қолынан ұстап, қазақ отбасының шаңырағына келін болып түскен еді. Лариса – бүгінде үлкен әулеттің түтінін түзу ұшырып отырған үлгілі келіні, төрт баланың анасы.

Аймақтар • 10 Мамыр, 2023

Майдангерлерді еске алды

Жеңіс күні ақтөбеліктер «Даңқ» мемориалына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне жиналып, Екінші дүниежүзілік соғыстың Шығыс майданында қаза тапқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін еске алып, рухтарына тағзым етті.

Қоғам • 10 Мамыр, 2023

Солтүстік Арал ескерткіштерін зерделеген

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде тарих ғылымдарының докторы, археолог-этнограф Рахым Бекназаровтың «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Солтүстік Арал бойы қазақтары» монографиясының тұсаукесері өтті.

Тарих • 06 Мамыр, 2023

Әлия тағдыры

Жеті жасынан жетімдіктің ащы дәмін татып, он жеті жасында майданға кіріп, он тоғызында ерлікпен қаза тапқан Әлия Молдағұлова өмірбаянының кей тұстары кеңес заманында айтылмайтын. Өйткені мерген қыздың тағдырының артында 1923-1925 жылы дүниеге келіп, жастық шағын соғыс жалмаған ұрпақтың ортақ тағдыры тұр.

Театр • 27 Сәуір, 2023

Халық театрларының фестивалі

Халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтанның 100 жылдығына орай Ақтөбеде «Театр – өнердің ұлы көші» атты халық театрлары фестивалі өтті. Оған сегіз өңірден он халық театры қатысып, екі күн бойы қаламгердің шығармаларын сахналады. Көрермендердің назарына он қойылым ұсынылды.