Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
72 материал табылды

Медицина • 08 Ақпан, 2024

Қымбат құрылғының көмегі

Атырау облыстық балалар ауруханасына ең қымбат құрылғы сатып алынды. Жаңа құрылғының құны – 100 млн теңге.

Аймақтар • 04 Ақпан, 2024

Жүргізуші желіксе...

Атырау облысында өткен жылы 344 жол-көлік оқи­ғасы тіркелді. Жол апаты салдарынан 434 адам түрлі дене жарақатын алды. Ал 94 жолаушы діттеген жеріне жете алмай, қара жолдың үстінде жантәсілім етті.

Пайдалы қазбалар • 01 Ақпан, 2024

«Қашаған» тереңіндегі «қара алтын»

Елімізде әлем көз тіккен, құр­лықтан да, су түбінен де «қара алтын» өндіру тәжірибесімен төрткүл дүниеге танылған ірі мұнай компаниялары көп емес. Мәселен, Атырау облысында дәл сондай екі кеніш бар. Бірі – «Теңіз», екіншісі – «Қашаған» кен орны.

Суицид • 01 Ақпан, 2024

Жасөспірім неге өмірін қияды?

Атырау облысында кәмелетке толмағандар құқығын қорғайтын 11 комиссия бар. Былтыр бұл комиссияларда 1 624 мәселе қаралған. Облыстық білім басқармасының басшысы Ерлан Сламбековтің айтуын­ша,­ жасөспірімдердің сабақтан тыс кезде құқық бұзушылық жасайтыны анықталып отыр.

Жемқорлық • 30 Қаңтар, 2024

Жемқорлық картасындағы нысандар

Былтыр Атырау облысында жемқорлық тәуекелі картасына 8 нысан енгізілді. Өйткені бірнеше жылдан бері кейбір нысанның құрылысы әлі бітпей тұр. Сол себептен, Антикор бұл нысандарды бақылауға алды.

Зерде • 30 Қаңтар, 2024

Жанна Қыдыралина: Өткенді білмей, болашақты айқындау қиын

Төрт жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, өткен жылдың соңында оның жұмысы қорытыланды. Осы орайда аталған мемлекеттік комиссия жұмыс тобының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанна Қыдыралинамен жазықсыз жапа шеккендердің мұрасын зерттеу, тарихи жадыны қалпына келтіру, ел азаттығы үшін күрескен қаһармандардың тағдыры туралы әңгімелескен едік.

Үкімет • 09 Қаңтар, 2024

Даму келешегі зор аймақ

Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев сенаторлардың өңірлерге сапары аясында Атырау облысында болып, мәслихат депутаттары, жұртшылық, ақсақалдар және жастармен кездесті. Кездесулер Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, Сенаттың өңірлерді дамытуға жүйелі қолдау көрсету және Палатаның мәслихаттармен өзара іс-қимылы мәселелеріне арналды.

Экология • 09 Қаңтар, 2024

Табиғатты бүлдірушілерге тосқауыл керек

Атырау – табиғаты қатал, шөлейтті аймақтың бірі. Оның үстіне ауасы жиі ластанады. Тіпті қыста қар, табиғаттың өзге мезгілінде жаңбыр аз жауады. Аптап ыстығы тағы бар. Ал екпінді жел соқса далада да, ауыл мен қалада да ала дауыл жиі көтеріледі.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023

Өнертапқыштың электронды тақтасы

Жылыой ауданындағы жас техниктер стансасында роботтық техника үйірмесіне жетекшілік ететін өнертапқыш Қуаныш Шалабаев екі электронды тақта құрастырды. Тақталарға сойылған қойды жіліктеу, табақ тарту тәсілі енгізілген.

Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023

Апатты үйден – жаңа пәтерге

Мұнайлы шаһарда апатты жағдайда тұрған 82 үй бар. Мәселен, Азаттық даңғылындағы ескі үй 1947 жылы салынған. Ал Стаханов көшесіндегі 8 пәтерлік үйдің іргетасы 1950 жылы қаланған.