Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
462 материал табылды

Өнер • 27 Маусым, 2023

Колизейдегі күмбірлеген күй

Қазақтың аспаптық музыка өнері тарихындағы теңдесі жоқ, қайталанбас өз қолтаңбасы бар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Италия жерін күймен тербеді. Еуразия даласында ғасырлар бойы салтанат құрып, салиқалы ғұмыр кешкен, теңдесі жоқ төлтума туындылармен тарихын жазған халқымыздың күй өнерін көкке көтеріп келе жатқан ата оркестр 90 маусымының аясында Рим қаласындағы әйгілі Санта-Чичилия Мемлекеттік музыкалық консерваториясында алғашқы концертін өткізді.

Экономика • 20 Маусым, 2023

Agile – тиімді және жылдам қызмет драйвері

Цифрландыру – бірнеше жылдан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан даму үрдісі. Ал пандемия кезеңі көптеген компанияның заманауи технологиялық шешім қабылдауын еселеп жылдамдатып, дербес IT-инфрақұрылымын дамытуды қолға алуға мәжбүр етті. Еліміздегі ең ірі микроқаржы ұйымы – KMF те осы жолмен жүруді ұйғарды. Компанияның Agile тәсілін қалай енгізгені, іскер ма­мандар тобы оны қалай қа­был­дағаны және осы жаңашыл­дықтың тұтынушыларға әсері туралы KMF Agile директоры Александра Ковалева айтып берді.

Сұхбат • 14 Маусым, 2023

Baiqonyr жас режиссерлердің бағын жандырады

2016 жылы Қазақстанның кинемато­графиялық картасында жаңа кинобәйге – Baiqonyr пайда болды. Бұл атау кездейсоқ таңдалмаған. Байқоңыр ғарыш айлағымен аттас кинофестиваль тұсауы кесілген алғашқы жылы-ақ арынды екпінмен дүбірлеп келіп, жаңа орбитаға шығу мүмкіндігі бар жас кинематографистер үшін ұшу алаңы ретінде қарастырылды. Фестивальдің авторлығы мен жетекшілігі Әнуар Кенжебаевқа тиесілі. Биыл өткен Қазақстан киносыншылары қауымдастығы ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ол «Фестиваль қозғалысына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды. Baiqonyr президенті биыл 6-10 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтетін кинофестивальдің басты жаңалықтары туралы айтып, іс-шара тарихындағы қызықты деректерді еске алды.

Сұхбат • 06 Маусым, 2023

Ұлттық мәртебеге мүдделі театрлар ұлтқа жақын ба?

Әр кезең өз авторын туғызады. Өміршең классика­ның көрерменге берері де, үйретері де көп. Алайда өз дәуіріне үн қатқан, өз уақытының жүгін көтерген заманауи драматургтердің шығармалары театр сахнасында әрдайым кешегі кезең туындыларымен бірдей деңгейде көрініс таба бермейді. Бүгінгі драматургтер қоғам тарапынан «Шекспир мен Чехов сияқты жаза алмай­сыңдар» деген өткір сынды жиі естиді. «Жазған пьесам сахнада қойылмайды» деп немесе қойылған күнде де, «іштен шыққан шұбар жылан», көз майын тауысып, жан жүрегімен жазған пьесасының режиссерлердің «пышағына» ілініп, аяу­сыз туралып, жұтаң тартып шығатынына наразы драматург өзінше өкпелі. «Олардың жазған пьесалары жарамсыз. Сюжеті солғын, идеясы әлжуаз, кейіпкер характерлеріне дейін ұқсас, қарабайыр, тартымсыз» деп режиссер шарасыздық танытады. Драматург пен театрдың, драматург пен режиссердің арасындағы байланыстың белгілі бір жүйеге түспеуі – бүгінгі қазақ театрының шешімін күткен өзекті мәселелерінің бірі. «Драматург – режиссер – көрермен» тізбегінде жұмыс істейтін театр­лар өз репертуарын жасайтын автор-драматургпен шығармашылық байланысын қамтамасыз ететін заманға сай оңтайлы тетіктерін таба алған жоқ. Ортақ мәмілеге келе алмай тартысып жүретін екі тарап­тың пікірталасы толассыз айтылып келе жатқанын ескер­геннен болар, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, танымал театр сыншысы, өнертану кандидаты Амангелді Мұқан драматургтер мен театр режиссерлерінің басын қосып, күрделі мәселенің көлеңкесі мен күнгейі туралы әңгіме өрбітті. Ұлттық әдебиеттің бас драматургі М.Әуезовтің Музей-үйінде өткен жиынға жиырмадан астам театр маманы қатысты. Шығарма талантты автордың қаламынан туса, жазылған дүние мазмұн жағынан терең, мәселе қою жөнінен өткір болса, театр сахнасында қойылуына не кедергі? Оларды қалай жақындатуға болады және театрға, көрерменге қажетті сапалы пьеса жазуды қалай жолға қоюға болады? Міне, бұл – сұрақ. Мақсаты – мәселенің басында тұрған екі тарапты, екі үлкен шығармашылық топ – автор-драматург пен театрды (режиссер, директор) жақындастыру.

Тұлға • 05 Маусым, 2023

«Әмен ағаның бәйтерегі»

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде Әмен Қайдардың 100 жылдығына орай Жұлдыздар аллеясындағы ескерткіш мемориалына салтанатты гүл шоқтары қойылды.

Қоғам • 31 Мамыр, 2023

Фотошежіре – баға жетпес ақпарат

Алматыдағы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар архивінің құрылғанына биыл 80 жыл толып отыр. Мұрағат жұмысының маңызын түсінгендіктен ел басына күн туып, қан майданның қызып жатқан кезінде қабылданған шешімге сәйкес құрылған мұрағат ғасырға қадам басқан ғұмырында мемлекет дамуының шежіресін жазумен келеді. Атаулы күнге орай, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде «Қазақ әдебиеті: фотошежіре 1920-1970 жылдар» атты фотоальбомның тұсаукесері өтті.

Көрме • 30 Мамыр, 2023

Суретшінің сұлу әлемі

Суретшінің міндеті біреу ғана – сезімнің тіл жетпейтін құпиясын, әлемнің ішіне жасырған жұмбағын бояу арқылы жеткізу. Туған жерге сүйіспеншілігі, Отанына адалдығы, дәстүрге беріктігі ол жазған шығармадан сезіліп тұрса, өзгеше пафоспен, шынайы романтикамен бейнеленсе, жүрегінің лүпілін жеткізе алғаны. Кәсіби композиция жасаудың хас шебері Зәуре Смағұлованың Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде өтіп жатқан «Азия – алтын бесігім» көрмесіндегі туындылар ұлтын сүйген перзенттің шынайы пейілімен тіл қатады.

Алматы • 21 Мамыр, 2023

Мереке түн ауғанша толастамады

Бір күндік акция Алматыда да сәтті өтті. Музейі көп шаһардың тұрғындары бұл мерекені асыға күтеді. Руханияттың баға жетпес байлығын көздің қарашығындай сақтап, өнер мен мәдениеттің шырақшысы міндетін абыройлы атқарып, кәсіби мерекесін бүкілхалықтық айтулы шараға айналдыра білген музей қызметкерлері бұл күні келгендерге есігін ақысыз айқара ашады.

Пікір • 17 Мамыр, 2023

Жалғыздың жан азығы

Басқа жақты білмейміз, Алматыда адам сенбейтін жағдай. Театрға билет табу қиын, спектакльдің бәрі аншлагпен жүреді, зал аузы-мұрнынан шығып отырады. Спектакль болатын күні көрерменнің кассаға келе салып, билетті ала салып, орын тауып отыра салуы арманға айналған. Кейбір спектакльге ай бұрын қамданбасаң, касса біткен жылан жалағандай, билеттер әп-сәтте сатылып кетеді. Бұған ара-тұра шетелден гастрольге келетін әлемдік деңгейдегі театрлардың әйгілі қойылымдарына көрерменнің 50-60 мың теңгеге билет таппай Абай атындағы Опера және балет театрының алдында сеңдей соғылысып жүретінін қосыңыз.

Қоғам • 14 Мамыр, 2023

Ұлт тағдырын суреттеген жазушы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінде көрнекті жазушы-драматург, аудармашы, қоғам қайраткері Рахметолла Райымқұловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Рахметолла Райымқұловтың әдеби мұрасы: көркемдік және ұлттық мі­нез» атты ғылыми тәжірибелік конференция болып өтті. Мерейтой қарсаңында ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің ұйым­дастыруымен ұлттық әдебиеттің беде­лін көтеріп, жастардың әдебиетке қызы­ғушылығын арттыру мақсатында жария­ланған республикалық әдеби байқаудың қоры­тындысы мәлім болды.