Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
202 материал табылды

Халық • 03 Наурыз, 2024

Ел бірлігі – еншіміз

Елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталы­ғында қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болды. Алғыс айту күні қар­саңында этномәдени бірлестік өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Қоғам • 03 Наурыз, 2024

Ынтымақ пен ықылас салтанаты

Астанада Алғыс айту күні Достық үйіндегі телекөпірмен басталды. Еліміздегі Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалдары онлайн байланысқа шықты. Ұзын саны мыңнан аса адам қосылып, атаулы күннің айбынын асқақтатты. Сондай-ақ мерекелік іс-шараның жалғасы ретінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Бір ел – бір мүдде» ҚХА депутаттық тобы және дөңгелек үстел қатысушыларымен бірге «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Әскер • 01 Наурыз, 2024

Әскери тәрбиенің бастауы

Қарулы күштер жасағының балалары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарына барды. Олар арнайы бөлімшелерде үш апта бойы мәдени және сауықтыру іс-шараларынан бөлек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады. Мұндағы мақсат – келешек буынның бойына әскери-патриоттық тәрбиені сіңіру.

Қазақстан • 29 Ақпан, 2024

Үкіметтік емес ұйым: Жауапты кезең міндеттері

Әділетті Қазақстанның негізгі өзегі – азаматтық қоғам десек, оның қалыптасуында үкіметтік емес сектордың орны ерекше. Өйткені бұл ұйымдар бүгінде билік пен бұқара арасындағы дәнекерге айналды. Олар тәуелсіз жүріп, ширақ қимылдап, толағай іс тындырды. Ендігі межені пысықтау үшін Астанада «Әділетті Қазақстан, біртұтас ұлт және берекелі қоғам құрудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» атты республикалық жиын өтті.

Қоғам • 27 Ақпан, 2024

Бізге қандай стратегия қажет?

Еліміздің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары әзірленді. Басты бағдар – ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көлемін 450 млрд долларға жеткізу. Бұл үшін нақты 17 бағыт қамтылған. Маңызды құжат Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) алаңында сарапқа салынды.

Саясат • 26 Ақпан, 2024

«Data lakes» не үшін қажет?

Мемлекеттік органдар үшін шешім қабылдауға көмектесетін «Data lakes» деректер базасын құру – аса көкейкесті мәселе. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерт­­теулер институтында өткен Өңірлік сарапшылар кеңесінің оты­ры­сында айтылды. Сондай-ақ жиында аймақтардағы түйінді мәсе­ле­лер­ді шешудің жолы талқыланып, ұсыныстар алға тартылды.

Қоғам • 22 Ақпан, 2024

Тілі бірдің тілегі бір

Мемлекеттік тілді үйренем деушілерге жаңа мүмкіндік туады. Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық аясында қазақ тілін меңгеру мен диалог құру алаңдары ұйымдастырылып, ақпараттық жобалар іске асырылады.

Білім • 20 Ақпан, 2024

«Болашақтың» болашағы қандай?

«Болашақ» бағдарламасымен кейінгі 30 жылда 15 мыңнан аса отандасымыз шетелде біліп алып, тәжірибе жинақтаған. Алайда осы аралықта шекара асқан 270-ке жуық стипендиат елге оралмаған. Бұл туралы «Amanat» партиясы жанындағы республикалық Жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жиында қазақ жастарына қанат бітірген жобаның ендігі даму перс­пективалары мен өзекті мәселелері талқыланды.

Құқық • 19 Ақпан, 2024

Қылмыстық істі тергеу өзгерістері

Енді қайта қылмыс жасағандар алғаш рет сотталғандармен бірге отырмайды. Бүгінде құзырлы орган 6 мыңға жуық сотталушыны осы қағидамен жекелеген абақтыға көшірген. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Жиында басқа да бірқатар маңызды мәселе көтерілді.

Қоғам • 16 Ақпан, 2024

Құмар ойынға қылбұрау қажет

Қоғамда құмар ойынға тәуелділік дендеп барады. Өткен жылғы статистиканы бағдарласақ, елімізде 350 мыңнан аса адам жеңіл ақшаның буына арбалған. Тіпті, лудомания лаңынан республикадағы әр он жұптың жетеуі ажырасады екен. Осы дертке тұсау салу, әлеуметті қауіптен құлағдар ету мақсатында Бурабайда «Игроманка» көркем фильмі түсіріліп жатыр. Осыған орай арнайы ұйымдастырылған баспасөз турына барып, шығармашылық ұжымды әңгімеге тартқан едік.