Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
64 материал табылды

Қоғам • 11 Қазан, 2023

Әлеуметтік зерттеу әлеуеті

Қазір жастардың 36,5 пайызы үй жалдап тұрады. Ал 22,5 пайызы туысының баспанасын жағалап жүр. Бұл мәліметтер «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы жүргізген сауалдама нәтижесінде белгілі болды. Сауалдамаға еліміздің түкпір-түкпіріндегі 14 пен 35 жас аралығындағы 2 мың азамат қатысқан.

Саясат • 09 Қазан, 2023

Мәдени даму және мемлекеттік ұстаным

Биылғы тоғыз айда интернетте үгіт-насихат, терроризм және діни экстремизм қағидаларын қамтитын 14 860 материал жарияланған. Бұл – Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі кезінде анықталған сан. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте сала басшысы Аида Балаева осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Сайлау • 09 Қазан, 2023

249 азамат әкім болудан үмітті

Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанға дайындық жұмыстарының қорытындысын шығарды. Бүгінде республика бойынша барлығы 249 үміткер тіркелген. Оның 64 пайызы – өзін-өзі ұсынушылар. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.

Қоғам • 04 Қазан, 2023

Алқалы жиынның арқауы – Ана даналығы

Ел халқының 51 пайызы – әйелдер. Алайда республиканың 20 өңіріндегі атқарушы органдардағы нәзік жандардың жалпы үлесі 17,8 пайыз ғана. Ашып айтсақ 75 орынбасардың ішінде 4-і ғана әйел. Осындай өзекті мәселені Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден «Ұлт рухының ұясы – Ауыл-Ана» атты алқалы жиында көтерді.

Құқық • 03 Қазан, 2023

Борышкерлер қарызы – 7 млрд теңге

Елімізде 132 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал 76-сының лицензиясы уақытша тоқтатылса, 16 тұлғаға түрлі заңды әрекеттер мен құжаттарды куәландыруға шектеу қойылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді.

Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023

Сергіткіш сусынның сергелдеңі

Қазір жұрттың көбі, әсіресе жастар жағы «шаршағаныңды басатын, көңіліңді ашатын» энергетикалық сусынды көп ішеді. Сергек жүру үшін сергіткіш сусынды пайдалану қалыпты жағдайға айналды.

Әскер • 21 Қыркүйек, 2023

Танкистің «Ерлік сабағы»

Отставкадағы генерал-майор Геннадий Носоновскийдің Әскери-тарихи музейде елордалық оқушылармен өткен кездесуі Танкист күніне орайластырылды.

Сұхбат • 17 Қыркүйек, 2023

Жаңа медиа және қазақша контент

Жуырда Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алғаш рет Жаңа медиафорумы өтті. 400-ге жуық сарапшы қатысқан іс-шарада медиа сала­­сындағы өзекті мәселелер талқыланды. Форумды ұйымдастыруға жақ­ын­да күшіне енген «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң арқау болды. Осы орайда біз дөңгелек үстел басына панельдік сессия­лар­да сөз сөйлеген сарапшыларды жаңа медианың болашағын жан-жақты талдауға шақырдық.

Білім • 13 Қыркүйек, 2023

Жатақхана тапшылығы қашан шешіледі?

Жаңа оқу жылының басталғанына жарты айға жуықтады. Бірақ жатақханаға жарымаған студенттердің қатары азаяр емес. Бүгінде елімізде жоғары оқу орнының 129 мыңнан астам білім алушысы жатақханада тұруға өтініш білдірген. Алайда жатақханалардың өзінде 23 686 орын тапшы.

Сұхбат • 06 Сәуір, 2023

Мемлекет жастардың дамуына қамқорлық жасайды

Жастар саясаты – мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі. Қолға алынған әр бастамада олардың табыс деңгейін көтеру, несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен білім алу мүмкіндігін кеңейту көзделген. Әрине, мұның барлығын тиімді жүзеге асыру көбіне жан-жақты ойластырылған бағдарламаға, заңнамалық құжатқа тікелей байланысты. Қоғамның қозғаушы күштеріне арналған еліміздің бүгінгі стратегиялық бағыты туралы Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурсы орталығы» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин өз ой-пікірін ортаға салған еді.